2024 жылдың 14 маусым күні 90 жылдан аса тарихы бар №143 орта мектебінде «Жолың болсын жас түлек!» тақырыбында 11-сынып бітіруші түлектеріне арналған аттестат тапсыру салтанатты жиыны болып өтті. Осы айтулы күнде 59 шәкірт білім нәрімен сусындап, алтын ұя мектебінен қанат қақты. Бүгінгі салтанатты жиын ел абыройын асқақтатқан ұстаздар мен ата-аналар еңбегін төрден танытқан талапты ұл қыздардың биылғы орны айтарлықтай ерекше. Мемлекеттік емтихан қорытындысы бойынша түлектеріміз жақсы нәтиже көрсетіп, соның ішінде 4 түлегіміз Беделбек Ақбота Қонысбекқызы, Бейсенова Диана Бақытжанқызы, Бауыржан Ақжібек Әділханқызы, Құттыбаева Ақсүйрік Нұртасқызы “Алтын белгі” иегерлері болса, 5 түлегіміз Әмірбек Шұғыла Асқарқызы, Кішкенбай Арайлым Абайқызы, Иманғалиева Көркем Иманғалиқызы, Сейтқасым Перизат Тимурқызы, Сейфулла Ақнұр Алматқызы “Үздік аттестат” иегерлері атанды. 11 жыл бойы мектеп қабырғасында алған білімдерімен болашаққа арман қуып аттанғалы тұрған шәкірттерімізге жаңа өмір жолында креативті көзқарас, шығармашыл ой-өріс өмірлік серіктеріңіз болсын деген ақ тілегіміз бар. Алған білімдеріңіз бен барлық күш-жігерлеріңізді Тәуелсіз еліміздің игілігін арттыруға, одан әрі нығайтуға жұмсайды деп сенеміз.
Мектебіміздің абыройын асқақтататын білімді де, білікті, озық ойлы мектеп бітіруші жас түлек, сіздерге сәт сапар, ақ жол тілейміз!

Выберите язык