МЕКТЕБІМ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ!

1 қыркүйек – барша ұстаз бен оқушы асыға күтетін айтулы мереке, білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері білім қабырғаларын аттағалы тұрған оқушылар мен тәрбиеленушілерді қарсы алатын атаулы мереке, сондай-ақ еліміздің болашағы тәуелді болатын жауапты кезең бастамасы.

Осы мерекеге орай бүгін мектебімізде салтанатты жиын болып өтті.

Мерекелік шараға Ақсуат ауылдық округінің әкімі Бақыт Нұрболат Бақытұлы, қоғамдық кеңес төрағасы Әбуов Өмірсерік, ардагер ұстаз Құрымбаев Жұмабай және ата аналар, ұстаздар мен оқушылар қатысты.

Салтанатты жиынды мектеп директоры Төребаев Ғазиз Садақбайұлы құттықтау сөзімен ашып, іс - шара мазмұнының маңыздылығына тоқталып, жаңа оқу жылының мақсат-міндеттерімен және ерекшеліктерімен таныстыра отырып, қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар салтанатты жиынға қатысқан қоғамдық кеңес төрағасы Әбуов Өмірсерік, ардагер ұстаз Құрымбаев Жұмабай ағай ұстаздар мен ата - аналарды, оқушыларды мерекелерімен құттықтай отырып, жаңа оқу жылында толағай табыстар мен үлкен жетістіктерге жете берулеріне тілектестігін білдірді.

Мерекелік жиын мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасымен жалғасын тауып, жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды.

Жиын соңында барлық сыныптарда «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбындағы сынып сағаттарымен жалғасын тапты.

                                   
                                                       

Выберите язык