Құрметті жерлестер!
Сіздерді бүгінгі 1 мамыр - Қазақстан халықтары бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады. Бүгінгі мереке - көпұлтты мемлекетімізді мекендейтін халықтар достығының, бірлігінің және бейбітшіліктің айғағы.
Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!
Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін!з