Құрметті жерлестер!

Сіздерді бүгінгі 9 мамыр - Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Бұл мереке тек соғыста жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес, сондай-ақ Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмай, еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн.

Ел басына қатер төнген жылдары кеудедегі жаны шыққанша ұлты үшін, халық үшін жанын құрбан еткен жандардың есімдері ұмытылмай, келер ұрпақтың есінде жатталып қалады.

Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек. Сондықтан да қадірлі ардагерлерге бейбіт өміріміз бен бақытты болашағымыз үшін алғысымызды білдіреміз!

Бүгінгідей айтулы мереке күні баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілеймін!

Құрметпен, мектеп директоры Төребаев Ғазиз Садақбайұлы

Тіліңізді таңдаңыз