Көктемнің жарқын мерекесі - Ұлыстың Ұлы күні жыл өткен сайын елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде.

№143 орта мектебінде 6 "Б" сыныбында "Қош келдің, Әз-Наурыз!" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Сынып сағатының мақсаты:

«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу;

Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру;

Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сынып сағаты сайыс түрінде өткізіліп, оқушылар қазақ халқының ұлттық аспаптары - домбыра, қобыз, жетіген бойынша 3 топқа бөлінді. Топтарға "Наурыз" мерекесі туралы сұрақтар қойылып, мақал-мәтелдер жасырылды. Сондай-ақ "бес тас", "қол күрес" сынды қазақтың ұлттық ойындары ойнатылды.

https://www.facebook.com/100025819368549/videos/1725736581169682?locale=ru_RU

Тіліңізді таңдаңыз