КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ!!!

"Ел басына күн туса, ер етігімен су кешеді" демекші, елімізде соңғы күндері болып жатқан жағдай әрбір азаматты елең еткізіп, мазасыз күйге түсірді. Қардың күрт еруі салдарынан болған су тасқыны еліміздің бірқатар өңірін шайып кетті.

Осы ахуалға байланысты мемлекет басшысы Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жариялады.

Ел президенті өз үндеуінде мемлекет үшін ең бастысы - азаматтардың қауіпсіздігі екенін айта келе, зардап шеккен барлық азаматтарға қажетті материалдық көмек көрсетіліп, барлық шығын өтелетінін жеткізді. Сондай-ақ апаттың зардаптарын жою бойынша бірқатар шаралар қабылданып жатқанын және оның барысы мемлекет басшысының қатаң бақылауында екенін баяндады.

Сондыктан да бұл ретте халықтың бірлігін, қоғамның ынтымағын және рухтың беріктігін сақтау аса маңызды.

Күшіміз бірлікте!!!

Тіліңізді таңдаңыз