«Кәсіби бағдар беру және талапкер»

«Өскенде кім болғың келеді? – бұл үлкендердің балаларға қоятын басты сұрақтарының бірі. Кәсіби болашағыңды дұрыс таңдау қоғамдағы өз орныңды танудың негізі. Адамның жақсы, өмірлік табысқа жетуіне әсер ететін ең бір маңызды шешімдердің бірі болып табылады. Кәсіби қызметтің нәтижесі – кез- келген жұмыстың негізі. Біздің өмірде неге қол жеткізгіміз келетіндігі туралы түсініктің өзі арманымызға жетуге мүмкіндік береді. Әрине, мамандық таңдағанда маманға тек қана білімі мен іскерлігі ғана емес, сондай-ақ оның қабілеті мен жеке қасиеттерін дамыту деңгейі жағынан да қандай талаптар қойылатынын білу маңызды. Мамандықты таңдауда қандай қателіктер жібермеу керек? Қазіргі таңда қандай мамандықтар сұранысқа ие? Мұндай ақпараттарды қайдан алуға болады?

Осы мақсатта №143 орта мектебінің директордың бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары Мусаханова Шаттыгүл Айдарханқызы 04 сәуір күні «Кәсіби бағдар беру және талапкер» тақырыбында бітіруші сынып оқушыларымен бейіндік жұмыс түрін жүргізді. Іс –шара барысында кәсіби бағдар беру жұмыстарының маңыздылығы және мамандық таңдауға әсер етуші факторлар, адами капитал – Жаңа Қазақстанның дамуының негізгі ресурсы «сапалы маман», талапкер потенциалының графиктері бойынша ақпараттар берілді.

Шара барысында талапкерлер мамандық таңдауда үлкен жауапкершілік арқалай отырып асқан ыждаһаттылықпен таңдау жасау қажеттілігін, өзінің бейімділігі мен қабілетіне қарай маман болған адамның жұмысы өнімді, әрі берекелі болмақ екендігін түсініп, өздерін ойландырып жүрген біршама сұрақтарына жауап ала білді.

Тіліңізді таңдаңыз