«Жаңа кітап—жаңа дос» атты кітап көрмесі

№143 орта мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт» жобасы аясында мектеп кітапханашылары мен кітапхананың жас оқырмандары 5—9 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен кітап күнінің маңыздылығы, кітап оқудың қажеттілігін дәріптеу мақсатында 2—сәуір Халықаралық балалар кітабы күніне «Жаңа кітап—жаңа дос» атты кітап көрмесі, дөңгелек үстел өткізілді.

Оқушылар Андерсеннің ғажайып ертегілерін бір—біріне айтып, түсіндірді. Викториналық сұрақтарға жауап берді.

Жазушы Ганс Христиан Андерсеннің туылған күніне орай 2—сәуір Халықаралық балалар кітабы күні болып жарияланған. Андерсен балалар кітабын жазуға өз үлесін қосып, әлемге көптеген туындыларымен танылған.

Шара барысында кітапханашылар балаларға Халықаралық балалар кітап күнінің тарихы, Г. Х. Андерсеннің өмірбаяны және оның керемет ертегілері туралы қызықты мағлұматтар берді. Ертегілер желісі бойынша «Кейіпкерді табайық» ойыны ойналды.

Кітап адам өміріндегі қымбат құндылық болғандықтан, заман талабына сай кітапты көп оқу арқылы білім алып, кітап жанашыры болуға шақырамыз.

Тіліңізді таңдаңыз