«Қош келдің,Әз-Наурыз!»

Наурыз-жаңа бастамалардың,бірлік пен келісімнің ,ізгілік пен бейбітшіліктің , қайырымдылық пен мейірімнің мерекесі.

Наурыз мерекесі қарсаңында 10 «А» сынып оқушылары,сынып жетекшісі Желдербаева Асылзаттың ұйымдастыруымен «Қош келдің,Әз-Наурыз!» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты: Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу,ата-бабамыздың ежелден мұра болып келе жатқан салт-дәстүріміз жайлы мәлімет беріп,насихаттау,рухани-адамгершілік қасиеттерін байыту.

Сыныптың ата-аналарының қатысуымен өткен тәрбие сағаты барысында,Наурыз мерекесін тойлаудың маңыздылығы жайлы ,ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлеріміз туралы түсінік берілді.Ұлттық ойындарымыз ойнатылып,салт –дәстүрлер дәріптеліп, «Тұсау кесер» рәсімі жасалып,мектеп өміріндегі қазақылықтың иісі аңқыған тамаша игі салтанатты іс-шара орын алды.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын!Ырысты,берекелі жыл болсын!

Тіліңізді таңдаңыз