№143 орта мектеп ұжымының алға қойған мақсат- міндеттері орындалып, ұстаздар қауымы зор қуанышқа бөленіп, ата – ананың үкілеген үміттері ақталды.

Оған дәлел - 2022-2023 оқу жылында мектебімізді 40 оқушы бітіріп, оның ішінде Қорғанбек Аягөз және Еркін Диас алтын белгі  иегерлері атанса, Қаппар Арайлым, Айтбай Әлішер, Қаппар Елшат, Сағынбаева Асылзат, Сағат Айғаным, Сейтжапбар Адия, Сейтқасым Назира сынды оқушыларымыз үздік аттестат иегерлері атанды.
Мектебімізден 39 оқушы Ұлттык бірыңғай тестілеуге қатысып бақтарын сынады, НӘТИЖЕ 85,1 % .

Енді міне, білім додасында оза шауып, өздерінің мықтылықтарын тағы да бір дәлелдеп, баршамызды қуанта түсуде. ҰБТ-ге қатысқан оқушымыздың ішінде  32 оқушы мемлекеттік грант жеңімпазы атанды. НӘТИЖЕ 88,8%

Жарқыраған жастарымыздың тек білім жолында ғана емес, өмір атты теңізде де осындай биік шыңдарды бағындыра берулеріне шын жүректен тілектеспіз. Бұл сіздер бағындырар белестің тек алғашқы баспалдағы ғана деп білеміз. Алар асуларыңыз көп болсын жас түлек!

Оқу – білім бұлағы,
Білім өмір шырағы.
Меңгергендер осыны,
Шын биікке шығады - дей отырып сіздерді жеткен жетістіктеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!!!

АҚ ЖОЛ, ҮЛКЕН ӨМІРГЕ БАСҚАН ҚАДАМДАРЫҢЫЗҒА СӘТТІЛІК!

Тіліңізді таңдаңыз