Бүгін №143 мектеп кітапханасының Coworking орталығында "Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт" жобасы аясында «Газетім, журналым—ақылшым,сырласым!» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: сөздерді құрастыру шеберліктерін қалыптастыру, ақпарат құралдары арқылы білім дағдысын кеңейту, сөздік қорын дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Көрмеге 1—4 сынып оқушылары қатысып, «Балбұлақ», «Ертегілер елінде», «Балалар әлемі», «Baldyrgan», «Aq jelken», «Айгөлек», «Мөлдір бұлақ» журналдарымен танысты. Әрі қарай оқушыны жылдамдыққа үйретіп, ойлау қабілеттерін жақсартуға бағытталған «Ойна да, ойла» ойыны ойнатылып, оқушылар танысқан журналдары туралы мағлұматтар айтты.
Көрме барысында оқушылар газет—журналдармен, кітаппен қалай сырласып, оларды ақылшы дос етуге болатынын ұғынды.