№143 орта мектебінде 2022-2023 оқу жылында пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауынан жүлделі орындарға ие болған оқушыларды марапаттау шарасы өткізілді. Атап айтқанда:

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңінің жүлдегерлері;

2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары «Зерде» республикалық конкурсының қалалық және облыстық кезеңінің жүлдегерлері;

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жүлдегерлері;

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жүлдегерлері.

Жетістікке жеткен оқушылар мен олардың жетекшілеріне мектеп әкімшілігі мен мектептің кәсіподақ төрайымы тарапынан құттықтау және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Оқушыларымыз бен әріптестерімізді құттықтап, шығар шыңдарыңыздың биік болуына тілектестік білдіреміз!

c 1
c 2
c 3
c 4

Тіліңізді таңдаңыз