Денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет - бұл салауатты өмір салты. 2022 жылдың 05 желтоқсан күні №143 орта мектеп педагог-психологтары Ж.Бисенова және С.Құлманова «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбында Қызылорда Облыстық жастар денсаулығы орталығының психолог маманы А.Шаймерден, Ж.Бижанова және №4 қалалық емхана маманы А.Мырзахметова және психолог А.Смайлова сынды мамандарды шақырып, 8-11 сынып оқушылармен жоспарға сәйкес кездесу ұйымдастырды.
Мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастыру. Кездесу барысында оқушылар тақырып бағытына байланысты ой - пікірлерін айтып, белсене қатысты, сонымен қатар, салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қажетті көптеген пайдалы ақпараттар алды.