"Ақсуат жастары" дебат клубының ұйымдастыруымен 8-9 сыныптар арасында "Вейптерден бас тарту " тақырыбында мектепішілік дебат болып өтті. Дебат барысында қарсылас фракциялар өз ойының ұшқырлығы мен ұтымдылық көрсетті.

 

Мақсаты: Жасөспірімдердің вейпті қолданудың алдын алу және кесу жолдарын кеңінен насихаттау.

 

Міндеті:
Тақырыпқа байланысты әртүрлі деректер, материалдар, фактілер, статистикалық мәліметтерді саралау арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру.
Ойынның ұшқырлығымен ерекшеленген "Элита " фракциясы үздік ойын көрсетті.
Барлық қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс айтамыз!