Төребаев Ғазиз Садақбайұлы 1984 жылы 17 тамыз күні Қызылорда қаласы, Ж. Махамбетов ауылында дүниеге келген. 1991 жылы Ж. Махамбетов ауылындағы №143 орта мектебіне 1-сыныпқа қабылданып, 2001 жылы бітіріп шығады. 2002 жылы Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледждің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2005 жылы бітіріп, осы жылы Қызылорда гуманитарлық университетіне «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқуға қабылданып, 2008 жылы бітірген. 2005 жылы Қызылорда қаласы №211 орта мектепке мұғалім болып еңбек жолын бастаса, 2007 жылы Қызылорда қаласындағы І.Қабылов атындағы №12 ІТ-мектеп-лицейіне мұғалім болып жұмысқа қабылданады. 2008 жылы осы аталған мектепке директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалып, 2017 жылдан бастап осы мектепте оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. 2022 жылдың 01 қыркүйек күнінен бастап, Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі қызметіне тағайындалып, 2022 жылдың 01 желтоқсан күні Қызылорда қаласы, Ж.Махамбетов ауылындағы №143 орта мектебіне директордың міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды.
Төребаев Ғазиз Садақбайұлы 2017 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беру ұйымдары басшылары орынбасарларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы оқыту курсын аяқтап, сертификатын алған.
2018 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілерінің біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша оқыту курсынан өтіп, сертификатын иеленген.
2019 жылы « Қазақ әдебиеті сабақтарында лирикалық шығармаларды оқытудың әдістемесі » тақырыбында әдістемелік көмекші құралы жарық көрген.
2018-2022 жылдар аралығында Ғазиз Садақбайұлы ұстаздық, басшылық тәжірибесіндегі нәтижелі жұмыстары үшін Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің алғыс хаты мен дипломдарымен марапатталса, 2021 жылы Қызылорда облысының білім басқармасының құрмет грамотасымен марапатталған.
Ғазиз Садақбайұлы қала, облыс көлемінде ұйымдастырылған семинар-практикумдарға қатысып, инновацияға негізделген оқу-әдістемелік жұмыстарын көрсетсе, пәндік, басшылық секция жұмыстарында мазмұнды баяндамасы мен шығармашылық ізденістерінің нәтижесін ұсынып, дипломдармен марапатталған.
Ғазиз Садақбайұлы өзінің еңбек жолында білімі мен білігін ұштастырып, жұмыс барысында кәсіби іскерлігін көрсете білетін көшбасшы тұлға. Оқушы мен мұғалім арасындағы тұтас педагогикалық процестің қалыптасуына, нығайуына, дамуына ықпал жасап, бағыт-бағдар беріп жұмыс жасайтын білікті басшы.